Қазақстан банктерін кімдер бақылайды?
Қазақстан банк секторындағы ірі активтердің басым бөлігі санаулы акционерлер мен бизнес-топтардың бақылауында. Тамыздағы дерекке қарасақ, ең ірі банк активі Тимур және Динара Құлыбаевтармен байланысты топқа тиесілі.
🔹Тимур және Динара Құлыбаевтар — 21,5 трлн теңге
Олардың бақылауындағы негізгі актив — Halyk Bank. «АЛМЭКС» холдингі банктің шамамен 62%-ын иеленеді.
🔹Kaspi.kz — 10,7 трлн теңге
Kaspi.kz Kaspi Bank-тің 86%-ына иелік етеді. Банктің актив көлемі бойынша бұл елдегі екінші ірі жеке қаржы тобы.
🔹Бақытбек Байсейітов — 8,95 трлн теңге
Оның бақылауындағы Банк ЦентрКредиттің активтері соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Байсейітовтің банктегі үлесі — 51,76%.
🔹Мемлекет — 6,05 трлн теңге
«Бәйтерек» холдингі арқылы мемлекет Отбасы банкін 100% бақылайды.
🔹Болат Өтемұратов — 5,51 трлн теңге
Онымен байланысты ForteBank активтері осынша. Өтемұратовтың банктегі үлесі — 90,92%.
Одан кейінгі топта:
Вячеслав Ким — Alatau City Bank, 3,27 трлн теңге;
— Тимур Турлов — Freedom Bank, 3,04 трлн теңге;
— Ибрағимовтар — Еуразиялық банк, 2,85 трлн теңге;
— Владимир Ким — Bank RBK, 2,77 трлн теңге.
Бұдан бөлек Bereke Bank, Citi, Bank of China, ICBC және бірнеше шағын банктің активтері жекелеген халықаралық және жергілікті акционерлердің бақылауында.
Ең қызығы — алғашқы үш топтың өзінде 41 трлн теңгеден астам банк активі шоғырланған. Бұл Қазақстан банк секторындағы капиталдың қаншалықты ірі бизнес-топтарға жинақталғанын көрсетеді.